Сұлтан Зәуірбек Дүниежүзілік бокс қауымдастығының рейтингіндегі үздіктер қатарынан шығып қалды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұған дейін екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы WBA рейтингінің үшінші сатысында тұрған еді. Алайда ұйымның соңғы жаңартылған рейтингінде Сұлтан Зәуірбектің есімі топ-15 тізімінен көрінбеді.
Айта кетейік, WBA бірнеше салмақ дәрежесі бойынша рейтингін жаңартқан. Өзгерістер нәтижесінде бірқатар боксшы өз позициясын жақсартса, кейбір спортшылар үздіктер қатарынан шығып қалды.
Сұлтан Зәуірбектің рейтингтен не себепті түсіп қалғаны әзірге ресми түрде нақтыланбады.
