Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов әлеуметтік желіде Қазақстан бокс федерациясындағы қатысты жазба жариялады, деп жазады Sportbugin.kz.
Боксшы өз жазбасында Шахмұрат Мүтәліптің жанындағы адамдардың әрекетін сынға алды.
«Бокс федерациясында Шахмұраттың жанында Дархан бар, Жанқош бар — жақын достары. Қалғандарының бәрі екіжүзділер. Кезінде мойындамағандар қазір жүгіріп жүр, күшік құсап. Жорғалап жүр. Екіжүзділерді жек көремін. Алла олардың ризығын да көбейтпейді», — деді Данияр Елеусінов.
