Қазақстан премьер-лигасының жаңа маусымында «Ақтөбе» футбол клубының құрамы өзгерді.
Ақтөбелік футбол клуб 29 жастағы қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельскийдің кеткені туралы хабарлады. Жергілікті спортшымен келісімшарт екіжақты келісіммен күшін жойған. «Ақ-қызылдардың» құрамында Рудосельский тек екі матч өткізген.
Осыған дейін қазақстандық қорғаушы Армения чемпионатында өнер көрсетті. Ал Қазақстан премьер-лигасында алматылық «Қайратта», көкшетаулық «Оқжетпес» пен қызылордалық «Қайсарда» ойнады.