Футболдан Грекия құрамасының бас бапкері Густаво Пойет AS басылымына берген сұхбатында Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі Қазақстанға қарсы матч туралы ойын айтты.
Густаво Пойет плей-офф кезеңіндегі ойындарда қысым бар екенін жасырмады.
«Әсіресе Қазақстанға қарсы алғашқы матчта қысым көп. Олар плей-офф кезеңіне жайдан жай шыққан жоқ, оларға құрметпен қарау керек», — деді Пойет.
Айта кетейік, Грекия мен Қазақстан арасындағы ойын 21 наурыз күні Афинада өтеді. Бұл текетірестің жеңімпазы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің финалында Грузия — Люксембург жұбының жеңімпазымен кездеседі.