Глеб Коваленя Астанада өтіп жатқан әлем Кубогы кезеңінде 50 метрге еркін әдіспен жүзуден үздік бестікке кірді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз аталған қашықтықты 21,22 секундта жүзіп өтіп, Қазақстан рекордын жаңартты. Бұл нәтижесімен ол жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Бұл сайыста австралиялық Камерон Макэвой 20,19 секунд нәтижесімен жеңімпаз атанды. Екінші орынды ресейлік Егор Корнев (20,59 секунд) иеленсе, тағы бір австралиялық Айзек Купер (21,13 секунд) үздік үштікті түйіндеді. Төртінші орынға Нидерланд өкілі Шон Ньеволд (21,14 секунд) жайғасты.
Айта кетейік, Астана 15-17 қазан аралығында Silk Road Tour сериясындағы әлем Кубогы кезеңін алғаш рет қабылдап отыр. Байрақты бәсекеге әлемнің 41 елінен 400-ге жуық спортшы қатысуда.
