Таеквондо спорты мен қазақтың аңыз тұлғасы Мұстафа Өзтүріктің есімін ұлықтайтын «KESU» фильмі көрерменге жол тартты, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның ынтымақтастығы аясында түсірілген туынды таеквондоны дәріптеп, оның жай ғана спорт емес, үлкен философия әрі өмірлік ұстаным екенін көрсетуге бағытталған.
«Фильмді түсірудегі басты мақсатымыз — таеквондо спортын насихаттау, оның дамуына үлес қосу. Бұл — тек спорт емес, үлкен философия, өмірлік жол екенін көрсету. Сондай-ақ жас спортшыларды таеквондоға тарту, осы арқылы өз спортшыларымызға рух беріп, жігерлендіруді көздедік», — дейді таеквондо федерациясының президенті әрі фильмнің бас продюсері Кудрат Шамиев.
Айта кетейік, «KESU» фильмі қазір еліміздің кинотеатрларында көрсетіліп жатыр.
