Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалға шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз ширек финалда Әзербайжан балуаны Мурад Маммадовпен белдесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Айдос Сұлтанғали 1/8 финалда Ресей өкілі Анвар Аллахьяровтан 4:3 есебімен басым түскен еді.
Осылайша, 2025 жылғы әлем чемпионы қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізіп, әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.
Енді отандасымыз финал жолдамасы үшін белдеседі.
