Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалына шықты. Жартылай финалда ол әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Виктория Азаренконы жеңді, деп жазады Sportbugin.kz.
Алайда, Рыбакина турнирдің антирекордын да орнатып үлгерді. Ол жартылай финалда 69 геймде жеңіліп қалды. Бұл Майамидегі турнирдің антирекорды саналады.
Екінші орында канадалық теннисші Бьянка Андрееску. Ол 2021 жылы 67 геймде жеңілген.
Ресейлік Светлана Кузнецова 2016 жылы 59 геймде ұтылып, үштікке енді.
Айта кетелік, финалда Елена Рыбакина америкалық Даниэль Коллинзбен ойнайды.