Сергей Хижниченко — «Алтай Өскеменнің» жаңа ойыншысы атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sportbugin.kz.
«Еліміздегі танымал футболшылардың бірі, Қазақстан құрамасының экс-шабуылшысы Сергей Хижниченко біздің құрамның сапына қосылды», — делінген хабарламада.
Сергей Хижниченко Қазақстан құрамасындағы ең көп гол соққан футболшылар қатарына кіреді. Ол 52 кездесуде 8 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген.
Бұған дейін Хижниченко «Ақсу » клубында ойнап, кейін еркін агент ретінде өзіне команда іздеген болатын.