Андорраның Канильо қаласында басталған шайбалы хоккейден II дивизиондағы әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы сәтті бастады.
А тобындағы алғашқы матчта Қазақстан командасы Мексиканы 4:2 есебімен жеңді.
Біздің команда сапынан Пернеш Әшімова, Дария Молдабай, Анастасия Оразбаева мен Мунира Саяхатқызы мергендік танытты.
Ал Дария Молдабай кездесудің үздік ойыншысы атанды.
Бүгін Қазақстан құрамасы Қытайлық Тайпейге қарсы ойнайды.