Петропавл қаласында өткен грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатында ақтөбелік балуандар топ жарды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жалпы есепте Ақтөбе облысының командасы 135 ұпай жинаған. Турнирге 20 команда қатысты.
Ақтөбеліктер сапынан Арсен Жұма (55 келі) мен Рахат Бержанов (97 келі) чемпиондық атаққа қол жеткізді.
63 келідегі Дамир Ибрашев финалда сүрінсе, Бекнұр Мұқан (50 келі), Бекзат Мырзағалиев (55 келі) және Ақжан Ықыласов (72 келі) турнирдің қола жүлдегерлері атанды.