Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) чемпиондық кестесіндегі тартыс жалғасуда. Елена Рыбакина 3 583 ұпаймен екінші орында келеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Рыбакина әлемде әйелдер арасында эйс жасаудан көш бастап келеді. Жыл басынан бері 35 ресми матчта Елена эйс санын 229-ға жеткізді. Ал соңғы өткен аптада өткен Мадрид WTA 1000 турнирінде Елена жартылай финалына дейін жетіп, онда Соболенкоға жол берген еді.
Чемпиондық рейтинг көшбасында 4 335 ұпаймен әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек тұрса, әлемнің 2-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенко (3 278 ұпай) үшінші орында.