Еркін күрестен 97 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Әбусайман Хабила Париж ойындарына лицензия алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Хабила Бішкекте өткен Азия аймақтық іріктеу турнирінің ширек финалында Әлішер Ерғалиға есе жіберген болатын.
Десе де, әлемдік іріктеу турнирде Әбусайман өз мықтылығын танытып, Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.
Өкінішке қарай, қазақ балуандары бұл додада бірде-бір лицензия ала алған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы еркін күрестен 3, грек-рим күресінен 2 салмақта жолдамаға таласып, жеңіліс тапты.
Ал әйелдер құрамасы тарихта алғаш рет жазғы ойындардан толығымен сырт қалмақ. Қайрат Сағадиев шәкірттері Стамбулдағы соңғы іріктеуде түгел ұтылды.