Таеквондодан Қазақстан командасы Вьетнамның Дананг қаласында Азия чемпионатына қатысып жатыр, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Екі жарыс күнінен соң Қазақстан қоржынында медаль жоқ.
Тек есте қалғаны — Рита Бакишеваның салмақ өлшеу рәсімінен өте алмағаны.
46 келіде сынға түсетін Рита құрлықтағы ең басты жарысқа барып тұрып, салмағын реттей алмаған.
Десе де, Рита өте тәжірибелі таеквондошы. Ол былтыр Чендуда (Қытай) өткен Универсиадада топ жарып, Азия чемпионаттарынан жүлде алған.