Грузияның Батуми қаласында өткен каратэден Еуропа чемпионатында «Bel-Bilek Combat» ұлттық жекпе-жек өкілдері сегіз медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Аталған сында қазақстандық спортшылар 6 алтын, 2 күміс медаль иеленген.
Атап айтар болсақ, командалық катадан Динара Жангужекова, Ақсұлу Елубаева, Алура Жайдарбекова чемпион атанды.
Дзю-кумитэ бойынша Мейіржан Тұрсымбай, Әлихан Ақжол, Нұраят Сайымбаев жеңіске жетті.
Катадан жекелей сында Айжан Хасанова, дзю-кумитеден жекелей жарыста Сәбит Ермахан күміспен оралды.
Спортшылар «Сарбаз» спорт клубының шәкірттері. Олар Дархан Асқаров пен Рамиль Джарлепесовтің жетекшілігімен жаттығады.