Қазақстан теннис федерациясы алдағы Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылардың есімін жария етті, деп жазады Sportbugin.kz.
Құрамды жасақтау Олимпиада регламенті негізінде жүргізілді.
Осылайша, биыл Олимпиадалық теннис жарыстарында Қазақстанның намысын: жекелей сында — Елена Рыбакина (№4), Юлия Путинцева (№34), Александр Бублик (№23) және Александр Шевченко (№58), жұптық сында – Александр Бублик/Александр Недовесов қорғайтын болады.
Алдағы Олимпиадада Қазақстан теннис құрамасы үшін алғаш рет әлемнің 58-ші ракеткасы Александр Шевченко өнер көрсетеді. Халықаралық теннис Федерациясы (ITF) А.Шевченконың Қазақстанмен бұрыннан келе жатқан мәдени және отбасылық байланыстарын, сондай-ақ оның анасының Жезқазған қаласының тумасы екенін ескеріп, оған еліміздің туы астында өнер көрсетуге рұқсат берді.