Күрес түрлерінен Олимпиаданың басты фавориттерінің бірі — Ресей құрамасы Париждегі жазғы ойындарға қатыспайды. Бұл туралы бүгін ұйымның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sportbugin.kz.
Ресейліктерді Халықаралық Олимпиада комитетінің балуандарды спорттан тыс әдістермен таңдағанына наразы.
Естеріңізде болса, ХОК 10 ресейлік балуанға шақырту жіберді. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары Мұса Евлоев, Заур Угуиев, Заурбек Сидаков пен Абдулрашид Садуллаев жоқ.
Осыған орай, 57 келі салмақтағы бір жолдаманың тағдыры бізді алаңдатады. Заур Угуевтің орнына ХОК Начын Могушты шақырған еді.
Енді ресейлік балуандар түгел бас тартқан соң, бұл жолдама бос қалды. Аталған лицензия шешуші белдесуде Угуевтен ұтылған Мейрамбек Қартбайға беріле ме? Бұл алдағы аптада белгілі болмақ.
Бұған дейін ресейлік дзюдошылар Париж ойындарына қатысудан бас тартқан.