Еркін күрестен Ресей құрамасының мүшесі Шамиль Мамедов команданың қарсылығына қарамастан, Париж Олимпиадасына қатыспақшы, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады. Мамедов Халықаралық Олимпиада комитетінің шақыртуын қабыл алған.
Ал 6 шілде күні Ресей спорттық күрес федерациясы ХОК-тан шақырту алған балуандар Париж Олимпиадасына бармайтынын ресми түрде мәлімдеген еді.
Мамедов Олимпиадаға шақыртуды қабыл алған жалғыз ресейлік балуан боп отыр. Осыған орай, Ресейдегі күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили пікір білдірді.
«Мен ол сынға түсетін аймақпен, сол жақтағы бапкерлермен сөйлесіп жатырмын. Егер Мамедовтың пікірі расталатын болса, оған команданың шешімі түк емес болып тұрғаны. Балуан Олимпиадаға қатысу туралы шешім қабылдаса, сол бойда нейтралды спортшы атанады», — деді ол.
Еске салайық, ресейлік балуан Заур Угуевтің жолдамасы қазақстандық Мейрамбек Қартбайға берілді.