Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль футболдан Еуропа чемпионаттарында гол соққан ең жас ойыншы атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ойыншы Франция мен Испания арасында өткен жартылай финал матчында көзге түсті. Ол 16 жас 362 күн дегенде гол соққан жалғыз футболшы атанып отыр.
Бұған дейін аталған рекорд швейцариялық шабуылшы Йохан Фонлантенге тиесілі еді. Ол 2004 жылғы Еуропа чемпионатында Франция қақпасына гол соққанда 18 жаста болатын.
Испания жартылай финалда Францияны 2:1 есебімен ұтып, Еуропа чемпионтының финалына шықты. Олардың финалдағы қарсыластары бүгін, Англия мен Нидерланд арасындағы кездесуде анықталады.