«Ақжайық» футбол клубының ойыншылары чемпионат матчына қатысудан бас тартты, деп жазады inform.kz-ке сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
Бірінші лигада өнер көрсететін оралдықтар Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбе Жас»» командасымен ойнауы керек еді.
«Ақжайық» футбол клубының директоры Манарбек Ержанов әлі күнге дейін қаржы бөлінбегендіктен, ойыншылардың осындай қадамға барғандығын айтты.
Футболшылар облыс әкімдігіне барып, бес-алты ай бойы жалақы алмағандықтан, қиын жағдайда қалғандығын жеткізді.
БҚО әкімінің жақында тағайындалған орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев мәселені зерттеу үшін өзіне уақыт керектігін білдірді.
«Ақжайық» турнир кестесінде небәрі 6 ұпаймен 15-орында келеді.