Кәсіби бокс шебері, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам Париж ойындарында қазақ боксшыларының алтын алатынына сенімді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Олимпиада ойындарын тағатсыздана күтіп жүрміз. Осыған дейінгі Олимпиада ойындарында қазақ боксшылары жүлдесіз оралмаған. Кемі бір алтынмен келетін.
Алайда, Токиода алтынсыз қалдық. Жігіттеріміз биыл сол олқылықтың орынын толтырады деп сенемін.
Қазақ боксшылары кемі бір алтын алады. Біздің жігіттердің барлығы өз салмақтарында топ жарып, осыған дейінгі әлемдік додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүрген саңлақтар.
Ешкімді бөле жармайын. Барлығы жүлдеге лайықты жігіттер», — деді Қанат Ислам.
Сондай-ақ, тек боксшыларға ғана емес, жалпы Олимпиадаға аттанған барлық құрамаға сәт сапар тіледі.
Дереккөз: kazinform.kz