Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) израильдік клубтар мен құраманы халықаралық жарыстардан шеттетуі мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды, деп жазады Sportbugin.kz.
ФИФА-ның кезектен тыс отырысы 20 шілдеде өтеді. Адвокат Макс дю Плесси Израиль билігінің Палестинадағы іс-әрекеті ФИФА-ның негізі идеясы мен мақсаттарына сай келмейтіні туралы баяндама әзірлеуде.
Сондай-ақ, баяндамада Израильдің адам құқықтарын бұзатыны, ел билігі ұлттық белгілер бойынша дискриминацияға жол беретіні, ал мұның бәрі ФИФА-ның гуманитарлық қағидалары мен мақсаттарына қарама-қайшы екені айтылуда.
Мамыр айында Палестина футбол қауымдастығының президенті Джибрил Раджуп Израильді ФИФА құрамынан шығаруды талап еткен болатын.