Тамыз айының басында Алматыда Қазақстанның шалғай аймақтарынан келген жас футболшыларға арналған іріктеу жиыны басталады, деп жазады Sportbugin.kz
12 жастағы 16 қатысушы «Қайрат» футбол клубы академиясының жаттықтырушыларына өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік алды. Іс-шара «Қайрат» ФК мен коммерциялық емес Supernovas by inDrive жобасының ынтымақтастығы аясында өткізіледі. Бұл жоба шағын қалалар мен ауылдарда балалар спортын жаппай дамытуға бағытталған. 2022 жылы іске қосылған жоба қазірдің өзінде 650-ден астам бала қатысатын тоғыз футбол секциясын ашты. Жиынның негізгі мақсаты – балаларға тұратын жеріне қарамастан тең мүмкіндіктер беру.
“Supernovas жобасы ауылдар мен шағын қалаларда сапалы жаттығуға жағдай жасалмауының, бәрінің бірдей жаттығу мүмкіндігі болмауының алдын алуға арналған. Спорттық құрам жинау жобаның басты мақсаты болмаса да, біз талантты балалардың өздерін дамытуға мүмкіндігі жоқ екенін әділетсіз деп есептейміз. Оларды бұл жиынға қатыстыра отырып, өздерін көрсетуге, әлеуеттерін ашуға мүмкіндік бергіміз келеді”, – деп түсіндірді Қазақстандағы жобаның менеджері Тоқтар Ескендіров.
Биылғы іріктеу жиынына Қазақстанның түрлі аймақтарынан 16 бала таңдалды.
“Қайрат» ФК дәстүрлі түрде Қазақстанның түкпір-түкпірінен ең үздік жас футболшыларды жинап тұрады. Іріктеуге қатысу – балалар үшін үлкен мотивация мен зор тәжірибе. Біз Supernovas жобасымен серіктес болғанымызға қуаныштымыз және серіктестігіміз ары қарай да жалғасатынына үміттіміз. Біздің футбол академиясы қазіргі уақыттағы елдегі ең мықты академия және Қазақстан футболын үлкен аренада әйгілі ететін таланттарды іздейді”, – деді ФК “Қайрат” бас директоры Асқар Есімов.
Қатысушылардың географиясы кең: Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары. Олардың көпшілігі кәсіби футбол базасында алғаш рет болды.
Жиын бір аптаға созылады. Бағдарламада академия жаттықтырушылары өткізетін жаттығулар, шеберлік сыныптары және 2012 жылғы «Қайрат» ФК академиясының командасымен өтетін жолдастық матч бар.