Асу Алмабаевтың соңғы қарсыласы, бразилиялық Матеус Николау UFC-де сынға түсетін спортшылар қатарынан шығып қалды, — деп жазады Sportbugin.kz.
Жеңіл салмақта алғашқы ондыққа кіретін Николау қазіргі таңда тізімде жоқ. Ол келісімшартты қайта жасасқан соң, оралуы мүмкін деген болжам бар.
Айта кетелік, Матеус өзінің соңғы жекпе-жегінде қазақ файтері Асу Алмабаевтан ұтылған болатын. Бұл оның мансабындағы қатарынан үшінші жеңіліс екенін айта кету керек.