Бокстан Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, ресейлік Дмитрий Двалидің көше төбелесінен кейін көзі көрмей қалды, деп жазады Sportbugin.kz.
2024 жылдың жазында Феодосия қаласында тосын жағдай тіркелді. Двали көшеде төбелесіне куә болып, ауыр соққы алып жатқан жәбірленушіге көмектеспек болған.
Өкінішке қарай, боксшы көмек беріп қана қоймай, ауыр жарақат та алды. Әсіресе, көзінен алған жарақаты боксшының өміріне үлкен қауіп төндіріп тұр.
«Көңіл күйім жаман емес. Күресудеміз. Жағдайымды орташа ауыр деуге болады. Аурухана жағалап жүрмін. Әзірге, ешқандай болжам жоқ. Әзірге алты ота жасалды. Алда қанша жасаларын да білмейимін. Ең өкініштісі, көзім әлі көрмейді», — деді Дмитрий Двали.
Бүгінде сот төбелеске қатысқан тоғыз адамды қамауға алған.