Мажарстанда Ласло Папп атындағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Аға жаттықтырушы Бақыт Сәрсекбаевтің
жетекшілігімен сынға түскен Қазақстан U19 құрамасы жалпы есепте 15 жүлде жеңіп алып, командалық есепте үздік нәтиже көрсетті.
Алтын медаль иегерлері: 50 келі — Әділ Асқанбай, 55 келі — Бексұлтан Қожамжар, 65 келі — Ақжүрек Қалабай, 80 келі — Тимур Тайбеков, 85 келі — Руслан Ахметов, 90 келі — Жалғас Утебеков.
Күміс медаль иегерлері: 55 келі — Айдос Усенов, 70 келі — Оразалы Көбей, 75 келі — Санжар Матасов, 85 келі — Ерубай Тұрлыбай, 90 келі — Нұрсұлтан Қыстаубай, +90 келі — Еркетан Жарқынбек.
Қола медаль иегерлері: 55 келі — Едіге Нұрқожа, 70 келі — Бейбарыс Әшірбай, +90 келі — Әбілмансұр Бақыт.
