Бүгін кіші әлем чемпионаты саналатын «Странджа» кубогының жартылай финалдық кезеңінде қос қазақ бір-бірімен жұдырықтасады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан аламанда 80 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Қытай атынан сынға түсіп жүрген қандасымыз Тоқтарбек Таңатқанмен кездеседі.
Құлахмет – Азия чемпионатының (2019), Ислам ынтымақтастығы ойындарының (2017) және жастар арасындағы Азия чемпионатының (2013) жеңімпазы.
Ал Таңатқан жазғы – Азия ойындарының (2022) чемпионы, сонымен қатар әлем чемпионатының (2023) күміс жүлдегері.