Мысырлық Мұстафа Зико 10 жыл бұрын аяқ киім сатып, ел чемпионатының екінші дивизионында өнер көрсеткен, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Әкесі өмірден өткен соң, Зиконың ағасы өзінің футболшы болу арманынан бас тартып, отбасын асырады. Мұстафа Зико үлкен футболдағы жолын жалғастыруына мүмкіндік жасады.
Ал қазір Зико Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасының қақпасына әлем чемпионатында гол соқты.
Айта кетейік, Мысыр құрамасы әлем чемпионатында тарихындағы ең үздік нәтижесіне қол жеткізді. Алғаш рет плей-офф кезеңіне шығып, 1/8 финалға дейін жетті. Бұған дейін Мысыр әлем чемпионаттарында (1934, 1990, 2018) тек топтық кезеңнен аса алмаған еді.
