Боксшы Айдана Убайдуллақызы Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында қазақстандық боксшы қырғызстандық Мирим Чинбековамен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында Айдана айқын басымдық танытып, екінші раундта қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді.
Осыдан кейін төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатып, қазақстандықтың техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін жариялады.
Осылайша, Айдана Убайдуллақызы Азия чемпионатының финалына шықса, Мирим Чинбекова қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, 19 және 23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионаты 3-16 шілде аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатыр.
