Қазақстан жасөспірімдер құрамасының вингері Кәрім Меңдіханов «Барселона» клубымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
15 жастағы футболшы бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті. Ол келісімшартқа қол қою сәтінен және «Барселонаның» эмблемасы аясында түскен суреттерін жариялады.
«Өмір бойы жанкүйер болған клубыммен келісімшартқа қол қойғанымды мақтан тұтамын», — деп жазды жас футболшы.
Кәрім Меңдіханов 2022 жылы 11 жасында әкесімен бірге Испанияға қоныс аударған. Ол футболдағы жолын Каталонияның төртінші дивизионында бастап, кейін «Серданьола» мен «Сан-Кугат» секілді жергілікті клубтардың намысын қорғады.
Ол «Барселонамен» үш жылдық келісімшартқа отырды. Енді қазақстандық талант клубтың әйгілі «Ла Масия» академиясында тәлім алады.
Айта кетейік, 2026 жылдың 22 сәуірінде Меңдіханов алғаш рет Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына шақырту алды. Ол 25-30 сәуір аралығында Шымкентте өткен УЕФА Даму кубогы халықаралық турнирінде ұлттық құраманың сапында өнер көрсетті.
