Венгрияда өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингтік турнирде грек-рим күресінің жанкүйерлері асыға күткен белдесу өтпек, деп жазады Sportbugin.kz.
18 шілде күні 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев бозкілемге шығады.
Жеребе нәтижесі бойынша қазақстандық балуан жарысты іріктеу кезеңінен бастап, алғашқы айналымда Қырғызстанның екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовпен белдеседі.
Бұл екі балуан бұған дейін 2024 жылғы Париж Олимпиадасында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кездескен болатын. Сол белдесуде Демеу Жадыраев жеңіске жеткен еді.
