Қазақстан құрамасының байдарка және каноэде есу спортшысы Мария Бровкова Польшада өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік бестікке енді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстандық спортшы каноэде жекелей 500 метр қашықтыққа жарыстың финалында өнер көрсетті. Мария Бровкова мәреге 2:06.33 уақыт көрсеткішімен жетіп, қорытынды есепте бесінші орынға тұрақтады.
Алтын медаль канадалық София Дженсенге бұйырды. Ол қашықтықты 2:00.78 уақытта бағындырды. Екінші орынды венгриялық Агнес Анна Кис (2:02.80) иеленсе, үздік үштікті Беларусь өкілі Алёна Ноздрева (2:04.80) түйіндеді.
Айта кетейік, 29 тамызда Мария Бровкова Ульяна Киселевамен бірге каноэде жұптық 200 метрлік жарыстың финалында бақ сынайды.
Бұған дейін Сергей Емельянов каноэде жекелей 200 метр қашықтыққа жарыста жетінші орын алған болатын.
