Асу Алмабаев Стамбул қаласында өткен бразилиялық джиу-джитсу және грэпплингтен ACBJJ 22 турнирінде жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Алмабаев 60 келіге дейінгі салмақта Тәжікстан өкілі Халим Назрулоевпен (13-0) титулдық белдесу өткізді.
All-Stars Title Match мәртебесіндегі кездесу кимоносыз күрес ережесі бойынша өтіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Асу Алмабаевтың жеңісімен аяқталды.
Айта кетейік, Алмабаев өткен аптада да жарыс жолына шыққан болатын. Ол еркін күрестен өткен RAF 12 турнирінде америкалық Джонни ДиДжулиусқа есе жіберді.
Ал Асу Алмабаевтың ММА-дегі соңғы ресми жекпе-жегі маусым айында өтті. Қазақстандық спортшы америкалық Чарльз Джонсонды (20-9) үшінші раундта сабмишн әдісімен жеңген еді.
