Сербиялық теннис аңызы Новак Джокович US Open турнирінде күтпеген жерден алғашқы айналымнан өте алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
Аргентиналық Мариано Навонеге қарсы матч барысында Джоковичтің денсаулығында күрделі мәселелер байқалды. Кездесу кезінде теннисші өзін бірнеше рет жайсыз сезініп, үш рет құсып, бел тұсының ауырсынуына байланысты қиналды.
Матч соңында сербиялық спортшы эмоциясын ұстай алмай, көзіне жас алды.
Бұл жеңіліс Джокович үшін ерекше ауыр болды. Ол соңғы 20 жыл ішінде алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші айналымында жеңіліп отыр.
Джокович ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ATP рейтингінің үздік ондығынан түсіп қалуы мүмкін. Сербиялық теннисші соңғы рет топ-10 қатарынан сегіз жыл бұрын шығып қалған еді.
