Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Әлемдік рейтингте 16-орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда америкалық Джеффри-Джон Вулфпен кездесті.
Тартысты өткен матчта Бублик қарсыласын төрт сетте жеңді.
Кездесу 6:4, 6:2, 3:6, 6:1 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.
Екінші айналымда Бублик аргентиналық Тьяго Агустин Тиранте мен франциялық Адриан Маннарино арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко US Open турнирінің алғашқы айналымында бес сетке созылған тартысты матчта хорват Дино Прижмичке есе жіберген болатын.
