Абылайхан Жұбаназар әлемдік рейтингте үздік он спортшының қатарына енді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
29 тамыз күні спортшы өз мансабында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінде жеңімпаз атанып, тарихи жетістікке қол жеткізген болатын.
Лозаннада өткен жарыстағы жарқын жеңісінен кейін Қызылорда облысының өкілі әлемдік рейтингте бірден 14 сатыға жоғарылады. Нәтижесінде 81 келі салмақ дәрежесінде әлемнің сегізінші нөмірлі дзюдошысы атанды.
Айта кетейік, Абылайхан Жұбаназардың алтын медалі Қазақстан құрамасының Лозаннадағы «Үлкен дулыға» кезеңінде жеңіп алған жалғыз жүлдесі болды. Аталған рейтингтік додаға еліміздің атынан 15 дзюдошы қатысқан еді.
