Фатима Сұпығалиева Эквадорда өткен әлем чемпионатында топ жарып, Қазақстан әйелдер дзюдосының тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Сұпығалиева Olympic.kz сайтына берген сұхбатында әлем чемпионатындағы ең есте қалған сәттердің бірі командалық сайыс болғанын айтты.
«Өзім командалық жарыста күреспесем де, белдесуге шыққан жігіттер мен қыздарға барынша қолдау көрсетіп, жанкүйер болдық. Қатты уайымдадық.
Ал олар жеңіске жеткен сәтте эмоцияға беріліп, тіпті көзімізге жас келді», — деді әлем чемпионы.
