Таиландта велоспорттан ересектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогы аяқталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы 5 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Аружан Қабдулова жекелей із кесу жарысында және ұпайлар жарысында топ жарды. Ал Мансұр Бралин кейрин сайысында үздік атанды.
Қазақстан құрамасына тағы бір алтынды Зейнолла Азаматұлы, Илья Куварин және Мансұр Бралин иеленген командалық спринттен әкелді.
Сондай-ақ Илья Куварин жекелей спринтте жеңімпаз атанды.
Күміс медальдарды Аружан Қабдулова (скрэтч), Виталина Хоружая (ұпайлар жарысы) және Зейнолла Азаматұлы (жекелей із кесу) еншіледі.
Қола жүлдеге Виталина Хоружая (скрэтч), Мансур Бралин (жекелей спринт) және Алихан Жүнісов (скрэтч) ие болды.
Осылайша Қазақстан құрамасының жасөспірімдері Азия кубогінде жалпы 11 медаль жеңіп алды.
