Францияда 18 жастағы ер адамды бірнеше ауқатты адам мен танымал тұлғаны ұрлауды жоспарлады деген күдікпен ұстады. Олардың қатарында «Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппе де болған, деп жазады Sportbugin.kz.
Француздық Le Parisien басылымының хабарлауынша, күдіктінің телефонынан 26 адамның мекенжайы табылған. Олардың арасында кәсіпкерлер, музыканттар және спортшылар бар.
Тергеу мәліметінше, күдікті қылмыстық топтың мүшесі болуы мүмкін. Ол бірнеше үйге жасалған шабуылдарға және адам ұрлау жоспарына қатысы бар деген күдікке ілінген. Нұсқауларын абақтыдан сыбайластарына Snapchat арқылы берген.
Килиан Мбаппе де ықтимал нысандардың тізіміне енген. Алайда футболшыны ұрлауға қатысты нақты әрекет жасалмаған.
18 жастағы күдікті 21 тамызда Нантердегі сотқа жеткізіліп, оған ұйымдасқан топ құрамында ұрлық жасады деген айып тағылған. Қазір ол қамауда отыр.Тергеу жалғасып жаты
