Англия Чемпионшипінің 4-турындағы «Бернли» – «Мидлсбро» (1:1) кездесуінде қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев үздік ойыншы атанды, деп жазады Sportbugin.
«Челсиден» жалға алынған 18 жастағы футболшы «Бернли» сапында қатарынан үшінші рет негізгі құрамда шығып, 81 минут өнер көрсетті.
Ол ауыстырылған сәтте «Терф Мур» стадионының жанкүйерлері қазақстандық шабуылшыны орындарынан тік тұрып, ұзақ қол шапалақтап шығарып салды.
Британдық БАҚ қазақстандық таланттың ойынына жоғары баға беріп, оны команданың басты күші ретінде атап өтуде.
