Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті алтын медаль түсті, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақ күресінен 60 келі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы Ернұр Сүлеймен қарсыластарынан басым түсіп, жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды.
Осылайша, Ернұр Сүлеймен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.
