Демеу Жадыраев пен Қырғызстан құрамасының көшбасшысы Ақжол Махмұдов алдағы Азия ойындарында қайта кездесуі мүмкін, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысатын құрамы белгілі болды.
77 келі салмақ дәрежесінде ел намысын Демеу Жадыраев қорғайды. Ал Қырғызстан құрамасы сапында осы салмақта Ақжол Махмұдов белдеседі.
Екі балуан Париж Олимпиадасының ширек финалында жолдары түйісті. Сол тартысты белдесуде Демеу Жадыраев Ақжол Махмұдовты 3:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын.
Олимпиададан кейін қос мықты Венгрияда өткен рейтингілік турнирде қайта белдесті. Бұл жолы да Демеу 2:1 есебімен басым түсті.
Енді екі балуан Азия ойындарында қайта жолығуы мүмкін.
