Еркін күрестен Азия ойындарына қатысатын құрам белгілі болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Құрлық додасында ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасының тізімі:
57 келіге дейін: Нұрданат Айтанов
65 келіге дейін: Начын Куулар
74 келіге дейін: Нұрқожа Қайпанов
86 келіге дейін: Азамат Дәулетбеков
97 келіге дейін: Ризабек Айтмұхан
125 келіге дейін: Едіге Қасымбек
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтеді. Күрес бәсекелері 30 қыркүйекте басталады.
