Оңтүстік Кореяда таеквондодан әлемдік Гран-при сериясының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының спортшысы Айдана Құмартаева 49 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленді.
Жартылай финалда отандасымыз осы салмақтағы әлем чемпионы, Қытай Тайбэйінің өкілі Лю Ю-юнге қарсы шықты. Тартысты өткен кездесуде қарсыласы басым түсіп, Айдана жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, Муджудағы Гран-при турниріне Қазақстаннан алты спортшы қатысып жатыр. Додаға 46 мемлекеттен 248 таеквондошы жиналған.
