Боксшы Әли Бауыржан отандық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың атынан «Құрмет» төсбелгісімен марапатталды.
Әли Бауыржан – Қарағанды академиясы ІІМ-нің қазіргі курсант. Ол Ішкі істер министрлігінің «Арлан» спорт клубының намысын абыроймен қорғап жүр.
Жас спортшы әскери тәртіп пен кәсіби бокс мансабын қатар алып келеді. Сонымен қатар ұлттық құрама сапында да өнер көрсетіп, жеңістерге жетіп жүр.
Айта кетейік, Әли Бауыржанның бұл жетістігі қазақстандық бокс тарихындағы ерекше жағдайлардың бірі саналады. Ол курсанттық міндетін атқара жүріп, кәсіби мансабын жоғары деңгейде жалғастырып келеді.
