Алматыда 45 мың көрерменге арналған жаңа стадионның қандай болатыны көрсетілді, деп жазады Sportbugin.kz.
Жаңа стадионды УЕФА-ның төртінші санаттағы талаптарына сай салу жоспарланып отыр. Бұл аренада халықаралық деңгейдегі футбол матчтарын өткізуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін стадион жобасы өзгеше болып, оның сыйымдылығы 35 мың орынға есептелген еді. Кейін нысанның көрермен сыйымдылығы 45 мың орынға дейін ұлғайтылып, дизайны да айтарлықтай өзгертілді.
