BoxRec порталы әлемдегі үздік әуесқой боксшылардың P4P рейтингін жаңартты, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстандықтар арасында ең жоғары көрсеткішке Абылайхан Жүсіпов ие болды. Қарағандылық боксшы бірінші орта салмақта әлемдік рейтингте 12-орынға жайғасқан.
Сондай-ақ үздіктер қатарына Сәкен Бибосынов та кірді. Түркістандық тәжірибелі боксшы ең жеңіл салмақта
24-сатыдан көрінді.
Жаңартылған P4P рейтингінің көшін Өзбекстан өкілі Абдумалик Халоков бастады. Олимпиада чемпионы әрі әлемнің үш дүркін чемпионы бірінші орынға жайғасқан. Екінші орында Ресейдің ауыр салмақтағы боксшысы Муслим Гаджимагомедов болса, үздік үштікті оның отандасы Всеволод Шумков түйіндеді.
