Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында ел қоржынына екінші алтын жүлде түсті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Велоспорттан жекелей жарыста қазақстандық Алексей Луценко жеңімпаз атанып, Азия ойындарындағы бесінші алтын медалін иеленді.
32,1 шақырымға созылған жарыста
отандасымыз 41:24.05 нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Жапониялық Шунсук Имамура 42:58.04 көрсеткішімен күміс медаль алса, Моңғолия өкілі Сайнбаяр Джамбальямц 42:58.06 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.
Осылайша, Алексей Луценко Азия ойындарының 5 дүркін чемпионы атанды. Ол бұған дейін 2014, 2018 және 2023 жылдардағы Азиадада жекелей уақыт жарысында алтын медаль жеңіп алған.
Луценконың Азия ойындарындағы жекелей уақыт жарысындағы бұған дейінгі нәтижелері: 2014 жылы 42 шақырымды 50:28.78 уақытта, 2018 жылы 40 шақырымды 55:37.13 уақытта, ал 2023 жылы 39,7 шақырымды 48:05.75 уақытта бағындырған.
Алексей Луценко осымен Азия ойындарындағы алтын медальдар санын беске жеткізді.
Фото: Владислав Семенов
