Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы қытайлық Тайбэй командасымен кездесті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Алғашқы екі партияда қарсылас 25:21 және 25:23 есебімен басым түсті. Кейін қазақстандық волейболшылар ойын тізгінін қолға алып, үшінші және төртінші партияларда 25:22, 27:25 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу тағдыры тай-брейкте шешілді. Шешуші партияда Қытайлық Тайбэй 15:10 есебімен жеңіске жетіп, матчты 3:2 есебімен аяқтады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарында 7-орын үшін Вьетнаммен кездеседі.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының топтық кезеңінде Филиппинді жеңіп, Қытай құрамасынан жеңілді. Осылайша, Асқар Шалқибеков шәкірттері В тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне өтті. Ал ширек финалда Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, тартысты өткен ойында 3:0 есебімен қарсыласқа жол берді.
