Нұрбек Оралбай мен Тұрабек Хабибуллаев Азия ойындарында қайта кездесуі мүмкін, деп жазады Sportbugin.kz.
90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Нұрбек Оралбай мен World Boxing нұсқасы бойынша қазіргі әлем чемпионы Тұрабек Хабибуллаевтың ширек финалда жолдары түйіседі. Ол үшін Нұрбек алдымен ауғанстандық боксшыны жеңуі керек.
Айта кетейік, 2026 жылы Қытайда өткен бокс әлем кубогының кезеңінде Хабибуллаев ширек финалда Оралбайды 3:2 есебімен жеңген.
Жапонияда 90 келіге дейінгі салмақта 15 боксшы жүлдеге таласады.
